USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Светлана Тихановская Джо Байденмен кездесті

  • 29.июля.2021, 12:06,
  • 252

АҚШ президенті Джо Байден Белоруссия оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановскаяны Ақ үйде қабылдады. 

Бұған дейін Вашингтондағы келіссөздерде Белоруссияның президенттігіне экс-үміткер Америка билігін Александр Лукашенкоға қысымды күшейтуге шақырған болатын.

Кездесу 28 шілдеде таңертең Ақ үйде өтті.


"Светлана Тихановскаямен кездесу мен үшін жоғары мәртебе болды", - деп жазды Байден.


Ол АҚШ-тың "демократия мен жалпыға бірдей адам құқығы жолында Белоруссия халқын қолдайтынын" атап өтті.


Тихановская өз кезегінде Америка президентіне "өз бостандығы үшін бейбіт түрде күресіп жатқан миллиондаған батыл белоруссиялықтардың атынан алғыс айтты.


Светлана Тихановскаяны АҚШ президенті қабылдағаны туралы хабар саясаткердің әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды. Кейінірек Тихановскаяның өзі "Настоящее время" телеарнасында мұны растады.


Байденмен кездесу туралы айтқанда, Тихановская одан Белоруське "демократияға қантөгіссіз көшуге" және саяси тұтқындарды қолдауға көмектесуін сұрағанын айтты.


Сонымен қатар, ол келіссөздер барысында Беларусь оппозициясы мен Вашингтон арасында нақты қандай келісімдер жасалғанын айтпады.

Америка тарапы да әзірге кездесудің толық мазмұнын жариялаған жоқ.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.05.2021
16.11.2020
19.08.2020
18.08.2020
10.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031