USD 472.03
EUR 540.29
RUB 6.11
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жапонияда көшкін жүріп, 20 адам зардап шекті

  • 03.июля.2021, 13:24,
  • 360

Токионың оңтүстік-батысындағы Сидзуока префектурасындағы Амами қаласында көшкін жүрді. Апат салдарынан кем дегенде 20 адам жарақат алып, 10 үй қирады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Нақты мәліметке сүйенсек, оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10 шамасында болған. Апат болған ауданда іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.


Сидзуока префектурасының әкімшілігі Жапонияның өзін-өзі қорғау күшінен адамдарды іздестіру жұмыстары бойынша көмек сұраған.

Соңғы бірнеше күнде апат болған аймақта нөсер жауған. Синоптиктер болжамы бойынша, Сидзуока префектурасында соңғы 48 сағат ішінде кем дегенде 300 миллиметр жауын-шашын түскен.

скачать dle 12.0
Фото авторы : © Reuters
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031