USD 482.33
EUR 557.57
RUB 5.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жемқорлықпен күрес қызметі жойылады

  • 23.июня.2021, 17:31,
  • 306

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Жемқорлықпен күрес қызметін таратқысы келетінін мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының айтуынша, тиісті жарлық дайын болып қалды.


Жапаров 23 маусымда бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесті. Ол құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерге көп кедергі жасайтынын сынап, кезінде қаржы полициясының шағымның көбеюіне байланысты жойылғанын еске салды. Оның айтуынша, мұндай шешім кәсіпкерлерді қорғау мақсатында қабылданған. Сонымен бірге президент арнайы қызмет құрамындағы жемқорлықпен күрес қызметін таратқысы келетінін, оның орнына Жемқорлыққа қарсы іскерлік кеңес құрылатынын мәлімдеді.


2020 жылғы қазан оқиғасынан соң мемлекеттік "Эркин-Тоо" газетінде биліктен кетіп бара жатқан президент Сооронбай Жээнбековтің Жемқорлықпен күрес қызметін тарату туралы жарлығы жарияланған, бірақ бұл құжат президент сайтына шықпады.


Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Жемқорлықпен күрес қызметі 2011 жылы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев билігі кезінде құрылған.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031