USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қытайға жұмбақ ғарыш нысаны құлады

  • 24.желтоқсан.2020, 16:42,
  • 275

Қытайдың сейсмологиялық орталығы Цинхай провинциясында метеоритке ұқсас заттың құлағанын тіркеді, бұл туралы алдын ала жарияланған министрліктің мәлімдемесінде айтылады. 

Бүгін таң алакеуімде Цинхай провинциясының Юйшу уезінде метеорит құлады деген болжам бар. Цинхай сейсмологиялық орталығы жергілікті уақыт бойынша сағат 7.25-те (5.25 - Нұр-Сұлтан уақыты) ғарыш денесінің құлауын тіркеді, делінген хабарламада.


Одан басқа мәліметтер берілмеген.

Кенхи университетінің профессоры (Корея Республикасы) Евгений Зубко Қытайда құлаған метеорит тәрізді заттың радиусы 1 метрге дейін және массасы шамамен 10 тонна болуы мүмкін екенін айтты.


Атмосфераға ену кезінде метеорит 3-4 мың градусқа дейін қызады, көрінетін диапазонда жарқыл пайда болады - оны жай көзбен көруге болады. Бұл нысанның радиусы шамамен 1 метрді құрайды, яғни оның салмағы 10 тоннадан асады. Бұл - өте үлкен объект. Мұндай мөлшердегі метеориттің құлауы сирек кездесетін құбылыс, миллиардтың ішінде біреу шығар, - дейді Зубко.


Ол сондай-ақ аспандағы жарқылдың 30 секундқа созылғанын атап өтті.


Нысан жерге құлағанда, яғни соқтығысқан жерінде үлкен жарылыс болуы керек еді. Бұл оның үлкен массасымен байланысты. Өйткені оның массасы жүздеген артиллерия снарядының массасынан жүздеген есе көп, - дейді ғалым.
#қытай #ғарыш #артиллерия #снаряд 
скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.10.2020
14.01.2020
29.11.2019
29.11.2019
23.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031