USD 509.94
EUR 593.88
RUB 6.43
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елбасы АҚШ-тың бұрынғы Вице-Президентімен тілдесті

  • 27.мамыр.2021, 13:08,
  • 378

Елбасы Америка Құрама Штаттарының бұрынғы Вице-Президенті Альберт Гормен телефон арқылы сөйлесті. 

Тараптар 1994-1999 жылдардағы Қазақстан-Америка саяси және экономикалық салалардағы екіжақты қатынасын тереңдету жөніндегі Н.Назарбаев-А.Гор бірлескен комиссиясының жемісті қызметін жоғары бағалады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Альберт Гор Қазақстан мен АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту және жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы күрес салаларында күш-жігер біріктіру мүмкіндіктерін талқылады.

Елбасы мен АҚШ-тың бұрынғы Вице-Президенті халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар төңірегінде, соның ішінде COVID-19 пандемиясын еңсеру, дүние жүзінде және Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша пікір алысты.

Сенім дағдарысына, санкциялық текетірестерге және әлемдік державалар арасындағы бәсекелестіктің жаңа деңгейіне байланысты алаңдаушылық білдірді.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті планетадағы өзекті мәселелерге қатысты Ресей, АҚШ, Қытай және Еуропалық Одақ арасында ауқымды стратегиялық диалог бастау жөніндегі өзінің бастамасына назар аударды.

Телефон арқылы сөйлесуге Америка тарапы бастамашы болды.



#Назарбаев #Елбасы #АҚШ #Вице-президент #АльбертГор 

скачать dle 12.0
Фото авторы : Ақорда
Тағы да оқыңыздар:
20.05.2021
16.02.2021
12.12.2020
25.09.2019
09.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031