USD 448.56
EUR 478.03
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәжіліс спикері Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті

  • 04.июня.2021, 12:46,
  • 198

Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен кездесті. 

Нұрлан Нығматулин Армения Президентінің елімізге екі мемлекет тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мемлекеттік сапарының маңыздылығы туралы айтты.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Армения Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыру үшін саяси диалогты және Қазақстан-Армения арасындағы жан-жақты өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, қазақстандық парламентшілер бұл үшін қажетті заңнамалық көмек көрсетеді.

Өз кезегінде, Армения Президенті еліміздің жаһандық үдерістердегі рөлін атап өтіп, Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – ұлтаралық және конфессияаралық келісімді атады.

Армен Саркисян атап өткендей, Қазақстан – Еуразиялық идеяның негізін қалаушы және Орталық Азиядағы ғана емес, Еуразиялық кеңістіктегі саяси орталыққа айналған мемлекет.

- Қазақстан – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған, ал бүгінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі түрде жалғастырып келе жатқан Орталық Азияда ғана емес, жалпы өңірде болып жатқан барлық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылатын ел, - деді Армен Саркисян.


Қазақстан-Армян ынтымақтастығы туралы айта келе, Армения Президенті Қазақстанды ҰҚШҰ, ЕАЭО және басқа да халықаралық ұйымдардағы жақын серіктес ел деп атады. Бұл ретте, Армен Саркисян одан әрі өзара іс-қимыл үшін, оның ішінде парламентаралық байланыстың маңыздылығын да атап өтті.

Нұрлан Нығматулин саяси жүйені реформалау, азаматтық қоғамды дамыту және Мемлекет Басшысының бастамасы бойынша отандық заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтты. Оның ішінде, саяси партиялардың Парламентке өту шегін төмендету, сайлау бюллетеньдеріне "Барлығына қарсы" бағанын енгізу бекітілген "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңға енгізілген өзгерістер.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Армениямен жан-жақты қарым-қатынастарды дамытуға зор мән беретінін және Оңтүстік Кавказ өңіріндегі сенімді серіктес мемлекет екенін атап өтіп, армяндық әріптестерімен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ және ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеялары және басқа да бірлестіктер алаңында тығыз өзара іс-қимыл орныққанына назар аударды.

Нұрлан Нығматулин заң шығару жұмысында тәжірибе алмасу және Қазақстан мен Армения арасындағы серіктестікті нығайту мақсатында армян парламентшілерімен Палата комитеттері мен ынтымақтастық топтары деңгейінде байланыстарды жандандыруға ниетті екенін айтты.



#Нығматулин #Саркисян #кездесу #мәжіліс 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.05.2021
12.02.2021
03.12.2020
03.10.2020
06.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930