"2019 жылы магистратураға түсу форматы өзгеріп, барынша ашық және әділ өтті. Оған магистратураға өз білімімен түскен бүгінгі күнгі магистранттардан келіп түскен оң пікірлері мен ризашылықтары толық негіз бола алады" - деп Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.
Осы жылы аталған формат жалғасын тауып, одан да жетілдіріліп жатыр. Смағұловтың айтуынша, биыл тестілеу компьютерлік форматта және жоғары жүйедегі бейнебақылау арқылы қадағалау жұмыстары жүргізіліп ұйымдастырылатын болады. Карантиндік шектеулер ескеріліп, барлық медициналық санитарлық шаралар қамтамасыз етілетінін айта кеткен жөн.
Жалпы 2020-2021 жылдарға бөлінген мемлекеттік білім беру гранттарының саны – 13 300 құрып отыр. Осылайша, дайындығы жақсы талапкерлердің өз білімімен грантқа түсіп, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алуға толық мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, магистратураға түсушілер үшін бакалавриаттағы мамандықтардың сәйкестендіру кестесін алынып тасталғанын хабарлаймыз. Ол дегеніміз магистратураға түсушілерге арналған бакалавриаттағы мамандықтар тізімі талап етілмейтін болады.
Кешенті тестілеуге келесі сілтеме арқылы тіркелуге болады: https://pvo-zayav.testcenter.kz/login
Барлық қосымша ақпаратты Ұлттық тестілеу орталығынан алуға болады.
Ресми сайт http://www.testcenter.kz/ru/
Call орталық 8-8000-80-71-77
Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақша https://www.instagram.com/testcenterkz/
#магистратура #білім #тест