"Осы заңды жақын уақытта, 1 қыркүйекке дейін Парламентке енгізуіміз керек. Сондықтан министрлікке 1-2 аптаның ішінде Парламентке енгізу туралы тапсырма беремін", - деді вице-премьер.
Оның атап өтуінше, "Мұғалім мәртебесі туралы" заң жобасы еліміздің барлық өңірлерінде жан-жақты талқыланған.
"Сондықтан 1 қаңтарға дейін бұл заңды қабылдауға негізгі мүмкіндік бар деп ойлаймын", - деді ол.