Ресейлік БАҚ-тың тарапынан Қазақстанға кезекті шабуыл жасалды. Бұл жолы да сол баяғы тілге қатысты. Қазақстанда орыс тіліне қарсы соғыс жарияланыпты-мыс. Байқаймыз, көрші елдің саясаткерлері мен БАҚ-тарының соңғы уақыттағы сүйікті тақырыбы – еліміздегі тіл мәселесі болып тұр. Бізде орыс тіліне қысым жасалып жатқаны туралы сандырақ басқа тұрмақ Қазақстандағы этникалық орыстардың наразылығын тудыра бастады, дейді telegram-дағы қазақтілді каналдардың бірі.