2021 жылдың қаңтар - наурыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 205,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 465,4 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.