Қазақстандықтарға салынып жатқан «Спутник V» вакцинасы коронавирустың мутацияланған штамдарына қарсы тұра алады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Күләш Құрманова айтты.