Бұл "Алтын Жебе" арнайы операция күші компоненттерін кешенді тексеру жұмыстары екені хабарланды. "Тексеруге Құрлық әскері, Әуе қорғаныс күші және Әскери-теңіз күші бөлімшелері қатысты. Тексерудің соңғы кезеңінде Қарулы Күштер тарихында алғаш рет С-295 әскери ұшағы мен Су-27 жойғыш ұшағы Маңғыстау облысындағы тасжолдың әуеайлақ учаскесіне қонды", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілі. Айта кетейік, Маңғыстау облысында Ақтау-Жаңаөзен тасжолына әскери ұшақ қонғаны хабарланған еді. Куәгерлер ұшақтың қонған сәтін видеоға түсіріп алған. Шара Құрлық және Әскери-теңіз күштерін қолдауға тартылған Әскери-әуе күші бөлімшелерінің ұтқырлығын арттыру шеңберінде өтті.
#әскери #ұшақ #әуекемесі #АлтынЖебе #Қорғаныс #мәлімет #жаңалық