Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік ұйымдардың 38,5 мыңнан астам әлеуметтік қызметкерінің жалақысы өседі. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен алдағы үш жылға шамамен 95 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.