Қазақ халқының бас қазаны – Түркiстан қаласында тұрған қасиеттi "Тайқазан". Бұл "Тайқазанды" аталарымыз қазақтың ырысы, байлығы, қазынасы, құты деп қастерлеген. Кеңес үкiметi 1934 жылы Түркiстандағы қасиеттi "Тайқазанды" "Санкт-Петербургтегi орталық мұражайға қоямыз" деп алып кеттi.