Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қызметкерлері Гуанчжоудағы түрмеге барып, Тұрлыбайдың қал-жағдайын біліп тұрады екен. Бұған қоса, ақшалай көмек көрсетіп, сұраған кітаптарын тауып береді. Іске араласып, елге алып кетуге әрекет жасаған, бірақ нәтижесі болмады.