Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қандай нысандардың қайта жұмыс істей алатынын атап өтті.
Бүгін 13 мамыр күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексіне темекіні 21 жастан бастап қана сатылу туралы өзгеріс енгізілді.
Бүгін Атырау облысында 92 науқастан коронавирус табылды. Олардың барлығы - Теңіз кен орнындағы мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері.
Павлодар облысының бұрыңғы әкімі Болат Бақауовтың үй қамауының мерзімі маусым айына дейін ұзартылды.
Елдің бірқатар облысында карантин шаралары әлі өз күшін жойған жоқ.
Қазақстанда мерзімі өткен құжаттарды 10 шілдеге дейін айыппұлсыз ауыстыруға болады.
Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге алуға арналған сайт ашылды. Бұл туралы iKomek бәрыңғай байланыс орталығы хабарлады.
Мемлекет басшысы Алматыға іссапары кезінде жеке табыс салығының үдемелі шкаласына көшу туралы мәлімдеді. Айына 2 миллион теңгеден жоғары табыс табатындарға салық артатынын айтты.
Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем берудің ережесі өзгерді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінің директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавирусқа қарсы қолданып жатқан шараларына жоғары баға берді.