USD 496.85
EUR 585.54
RUB 6.49
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Теңіз кен орнынан тағы 92 адамнан коронавирус табылды

  • 13.мамыр.2020, 16:30,
  • 535

Бүгін Атырау облысында 92 науқастан коронавирус табылды. Олардың барлығы - Теңіз кен орнындағы мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері.

"Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мердігер ұйымдардың 90 қызметкері инфекция жұқтырды. Атап айтқанда, олардың 83-і – ер адам және жеті әйел", - деп хабарлады аймақтағы жедел штаб.


Сонымен қатар Атыраудың екі тұрғынынан COVID-19 табылды.

Жедел штабтың мәліметінше, Теңіз кен орнында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 17 ошағы бар. Олардың барлығы жұмысшылар тұратын вахталық ауылдар. Науқастармен байланыста болған және байланыста болуы мүмкін адамдардың саны екі мыңнан асады. Олар қазір карантиндік стационарларда жатыр.

Коронавирус барлығы 359 жұмысшыдан табылған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728