Арыс қаласында Ұлттық ұланның жауынгерлері ұрлық жасады деген күдікпен үш адамды автокөлігімен ұстап, травматикалық тапаншамен жүрген бір адамды тоқтатты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданын Бейімбет Майлин ауданы деп қайта атау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі xабарлады.
Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыс қаласындағы жарылыстың салдарынан үш жерде өрттің әлі де қауіп тудырып отырғанын мәлім етті.
Мемлекет басшысының Өкімімен Сәбит Нұрлыбай Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Akorda.kz хабарлады.
Маусымның 28-30 күндері астанада «Kóshpendiler Álemi» атты Көшпенділер этномәдениетінің IV халықаралық фестивалі өтеді.
Арыстағы әскери бөлім аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тыйылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты.
2026 жылы өтетін ХХV қысқы Олимпиада ойындары өтетін қала белгілі болды. Италияның қос қаласы ойындарды өткізу құқығын жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті мәлімдеді.
Арыс қаласындағы апат салдарынан эвакуацияланған 1149 бала ата-анасымен қауышты. 15 бала туыс-туғандарына әзірге тапсырылған жоқ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Арыстағы жарылыс салдарынан тағы бір адам қаза болды. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Үкімет отырысында мәлім болды.