USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қой сою туралы

  • 28.қараша.2020, 10:01,
  • 1 245

Қой сойсаңыз мына жай жадыңызда жүрсін.

Қазақта «Мал өсірсең, қой өсір. Өнімі оның көл-көсір» деген нақыл сөз бар. Сонау атам заманнан бері айтылып келе жатқан бұл сөз тектен-текке айтылмаған. Олай деуіміздің себебі, осы бір момақан жануардың адам баласы үшін берері өте көп. Оның етін тамаққа пайдалану бір басқа, денсаулық үшін көптеген пайдалы қасиеттері бар. Ен¬ді осы жағына тоқталайық.
1. Қой терісі жел-құз бен құяң ауруына шалдыққандарға мың да бір ем. Ол үшін семіз қойды бітеу сояды да, ерменді (Полынь горькая) қайнатып, суын терінің ішіне құяды. Содан соң науқасты шешіндіріп, 2-3 сағаттай сол терінің ішіне салады. Бұл – теріге түсіру деп аталады. Кейіннен теріге түскен адамды жылы киіммен орау керек. Және науқастың ыстық сорпа ішіп, 2-3 күн жақсылап күтінгені жөн. Баяғы заманда адамдар қазіргі полиартрит, остеохондроз сияқты аурулардан осылай емделген.
2. Қойдың құйрығы жөтелді басып, қақы¬рықты түсіреді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Тұмаудан кейінгі созылмалы жөтелге құйрық майды ерітіп, ыстық сүтке қосып ішу керек. Сонымен бірге, суық тиген сәбиді шомылдырған соң құйрық маймен денесін сыласа, тәуір болып кетеді. Яғни балаларға суық тигенде олардың алқымын, табаны және алақанын құйрық маймен сыласа, суықтағаны тез басылады.
3. Қойдың шуашы да ем. Шуашты алу үшін қойдың жабағы жүнін суға салып қайнату керек. Сосын жүнді сығып, суын бірнеше рет сүзгіден өткізген соң шыны ыдысқа құяды. Кейін оны қайнату керек. Әбден қоймалжың тартқан кезде суытып, дәрі ре¬тінде пайдалануға болады.
Айтпақшы, кейде адамның қолы жарылып кететіні бар. Міне, ондайда күн сайын шуашты ысытып, дәкеге құйып, ауырған жерге таңу қажет. Және шуашты жылқының еріген майына араластырып, отқа немесе күнге қыздырып, ауырған жерге жағады. Буынның жел-құздан болатын ісігіне де шуашты ысытып, дәкеге құйып, ауырған жерге таңады. Бұл күн сайын қайталанады.
4. Қойдың жынын буын мен тізе сырқырап қақсағанда да қолданады. Ал қойдың өкпесі жөтелді тоқтатып, несеп жолының жұмысын реттейді, ісікті қайтарады. Егер қойдың өкпесін тілгілеп, сірке суы қосыл¬ған суға қайнатып, күн сайын 2-3 тілімнен жеп жүрсе, қақырықты түсіріп, өкпесін басады. Қойдың қарыны желден пайда болатын асқазан-ішек жолдары дертіне, сондай-ақ әйелдер аурулары мен құяңға да пайдаланылады. Ондайда науқас адамды ың¬ғайлап отырғызады да жаңа сойылған семіз қойдың қарнын жылы күйінде оның құрсағына қойып, сыртынан орап тастайды. Бі¬раздан соң науқас ағыл-тегіл терлейді. Ол 2-3 сағаттан соң жуынып, киім ауыстыру керек. Ең бастысы – тері қатып қалмауы керек. Және мұндайда бірнеше күн ыстық сорпа ішіп, күтінген дұрыс.
6. Қойдың өті шаштың арасына ұсақ бөртпе түскенде қолданылады. Оны қолдану үшін шашты ұстарамен тықырлап алдырып, басты сабындау қажет. Содан соң бөртпені су қосылған өтпен сүртсе, тез жазылады.
7. Қойдың жілік майын туберкулезбен ауырған әлсіз адамдар мен жиі ауыратын жас балалар жесе, пайдасы көп деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ал жаңадан сойылған қойдың етін жұқалап тіліп, жығылған, сүрінген кезде пайда болған ісіке тағып тастаса, тез қайтарады, жараның іріңдеп кетуіне жол бермейді. Егер шиқанға, сыздауыққа таңса, жараның аузы ашылады.
8. Қойдың етін күйдіріп, сірке суына езіп, жылан, қарақұрт немесе шаян шаққан жерге таңса, уды қайтарады. Сыздап ауырғанды басады. Ал еті сылынып алынған қой сүйектерін балталап шауып, ұзақ уақыт қайнатып, сорпасын мешел балаға ұдайы ішкізсе, нәресте тез оңалады. Бұл ем сынықтың тез бітуіне де жақсы көмекетеседі.
9. Сан еті мен төсі белсіздікке қарсы жақсы әсер етеді. Сондай-ақ қойдың таза етін суға араластырып немесе араластырмай-ақ табиғи күйінде денедегі теміреткіге жақса, біртіндеп төгіле бастайды.
Міне, кәдімгі қойдың осындай пайдалы жағы көп екен.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.


#қой #сою #мал #тарихимұра 


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.09.2020
26.08.2020
13.08.2020
31.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930