USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақтың ханымдары

  • 02.қазан.2021, 20:10,
  • 131

Қазір ғой, бір-бірімізді «ханымдар мен мырзалар» деп көтермелей құрметтейтініміз. 

  • Бұрынғылар «мырза» деп ноғайдың биге жетпеген сұлтанын, ал «ханым» деп хан-сұлтандардың жарларын айтқан болатын. Ханым дегенде біздің есімізге Әбілқайырдың Бопай ханымы, Жәңгірдің Фатима ханымы еске түседі. Ал басқа ханымдардан кімді танимыз? Ендеше, біле жүрейік!

    Жаған-бегім ханым – Жәнібек ханның жары, Қасым ханның анасы

    Аққозы-бегім ханым – Шах-Бұдақ сұлтанның (Әбілқайыр хандығы) жары, Мұхаммед Шейбанидің (Шейбанидтер хандығы) анасы

    Сүйінбике ханым – Жәнібек ханның қызы

    Аманбике ханым – Жәнібек ханның қызы

    Дадым-бегім ханым – Бұрындық ханның қызы, Шығай ханның жары

    Жақсымбике ханым – Шығай ханның жары, Есім мен Тәуке ханның анасы

    Алтын ханым – Шығай ханның қызы, Ораз-Мұхаммед ханның анасы

    Сүзге ханым – Шығай ханның қызы, Көшім ханның (Сібір хандығы) жары

    Ләйлә ханым – Шығай ханның қызы

    Сабырбике ханым – Шығай ханның қызы

    Сүйім ханым – Көжек сұлтанның анасы

    Ділшах ханым – Есім ханның жары

    Падишах ханым – Есім ханның жары, Абд ар-Рахим-ханның (Моғолстан) қызы

    Айлин ханым – Есім ханның жары, Сартақ сұлтан мен Салқам Жәңгір ханның анасы

    Райхан ханым – Есім ханның қызы

    Ай ханым – Есім ханның қызы

    Бану ханым – Салқам Жәңгір ханның жары

    Қазақ ханым – Салқам Жәңгір ханның қызы, Абдулазиз ханның (Бұқар хандығы) жары

    Сандық ханым – Тәуке ханның жары, Сәмеке ханның анасы

    Хадиша ханым – Сартақ сұлтанның жары

    Тәтті ханым – Ондан сұлтанның қызы

    Махим ханым – Бұйдаш ханның жары
    Бопай ханым – Әбілқайыр ханның жары, Нұралы ханның анасы

    Қарашаш ханым – Әбілқайыр ханның қызы

    Зылиха ханым – Әбілқайыр ханның қызы

    Жәннат ханым – Әбілқайыр ханның қызы

    Сайман ханым – Абылай ханның жары, Уәли ханның анасы

    Бабақ ханым – Абылай ханның жары, Рүстем сұлтанның анасы

    Топыш ханым – Абылай ханның жары, Қасым сұлтанның анасы

    Тоқта ханым – Абылай ханның жары, Сүйік сұлтанның анасы

    Айғаным ханым – Уәли ханның жары, Шоқанның әжесі

    Айкүміс ханым – Қасым сұлтанның жары, Кенесарының анасы

    Күнімжан ханым – Кенесарының жары, Тайшық сұлтанның анасы

    Жаңыл ханым – Кенесарының жары, Сыздық сұлтанның анасы

    Бопай ханша – Қасым сұлтанның қызы, Кенесарының қарындасы

    Ырыс ханым – Нұралы ханның жары, Бөкей ханның анасы

    Елбарыс ханым – Ералы ханның жары, Жантөре ханның анасы

    Атан ханым – Бөкей ханның жары, Жәңгір ханның анасы

    Ұлпеш ханым – Меңдікерей сұлтанның жары

    Меңді ханым – Қарабай сұлтанның қызы, Жантөре ханның жары

    Фатима ханым – Жәңгір ханның жары, Сақыпкерей мен Ғұбайдолланың анасы

    Жүзім ханым – Жәңгір ханның жары

    Зылиха ханым – Жәңгір ханның жары

    Хадиша ханым – Жәңгір ханның қызы
скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930