USD 524.14
EUR 607.79
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Амандасу әдебі

  • 27.қыркүйек.2021, 21:59,
  • 320

Үлкен кісілер балалардың маңдайынан иіскеп, беттерінен сүйеді. Әдетте шаршы топ ішінде сәлемдескенде, оң жақ алдыға кім бұрын жақын келсе, сонымен амандасуды бстап ары қарай ретімен жалғастыра береді. 

Көп ішінде адамдардың жасына, атақ-даңқына, жынысына қарай сәлем беремін деп алдындағы адамдардан аттап өту – өте білімсіздік саналады. Көп адам отырған үйге кіріп сәлемдескенде, үйге кіре сала төрдегі кісілерге қарап: «Ассалаумағалайкүм!» деп сәлем беріп, оң жақтағы ең төмен отырған адамнан бастап қол алысып, төрге қарай жалғастырады.


Егер оң жақта әйелдер қауымы отырған болса, онда сол жақ іргедегі адамнан бастап қол алысу керек. Үйдегілер тамақ жеп отырса, тек сәлем береді, қол алыспайды. Бөгде діндегі адамдарға сәлем бермей, тек қол беріп есен-саулық сұрасады.


Төс қағыстырып (қауышып) амандасуда алдымен қос қолдарын ұсынып сәлемдесіп, одан соң алақандарын-алақандарына тиістіріп тұрып құшақтарын жәйіп, оңға бір, солға бір рет қағыстырады.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930