USD 459.91
EUR 495.28
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Дина Елгезек

  • 14.ақпан.2021, 15:48,
  • 1 575

Иә, мен Назарбаевты белгілі себептерге байланысты жек көремін. Бірақ оның тыр-жалаңаш суретін Қытайдың басшысының астына салып сайқымазақ етсе, әрине авторына шамданып шығам.

Иә, Дариға Назарбаеваның саясатқа келуіне қарсымын. Оның да себебін сіздер білесіздер. Бірақ оның есірткіден көз жұмған ұлы хақында ләм-лим ауыз ашпаймын. Өйткені өзім де бала өсіріп отырмын. Өз баламның тағдыры қандай болары бір Аллаға ғана анық.
Ал енді Қасым-Жомарт Тоқаевты мен де сынап жатамын. Кейде қатты сынаймын. Ал көңіліме ұнаған істері болса, “бәрекелде” деуден қымсынбаймын, ал сынасам оның арына қол сұқпаймын. Билік пен халық арасындағы диалог өзара мәдениеттің шеңберінде болуға тиіс. Иә, олар саяси белсенділерді қуғынға түсіріп, азаматтық еркіндігімізді шектеп жатады. Иә, олар түрлі қитұрқы дүние ұйымдастырып алып, ресми түрде түк білмегенсіп “әдемі” сөйлеп отырады. Ал біз - осындағы көпшілік, олардың ”екіжүзділік” деңгейіне түспеуіміз керек.
Біздің ісіміз - адал, талабымыз - орынды, сөзіміз - нық, ал өзіміз асқан мәдениетті болуға тиіспіз. “Космос” деген сөздің мағынасы “порядок” дегенді білдіреді. Сөзімізді ретке келтірсек, ісіміз де оңға басады.
скачать dle 12.0
Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031