Қазақстанда 30 жыл бұрын 6 млн орыс болды. Қазір соның 3 жарым млны қалды. Және бұл сан жыл өткен сайын қысқарып келеді. Мәселен, былтыр 38,2 мың орыс тарихи отандарына көшті. Биылғы 6 айда 10 мыңы кеткен. Алдағы 10 жылда осы қарқынмен үдере көше беретін болса, елдегі орыс диаспорасының саны 1 млнға жетпеуі де мүмкін. Ендеше 1 млн орыс азаматы үшін орыс тілін ресми тіл ету қаншалықты дұрыс? Қажеттілік жоқ қой. Өзге ұлттың төлқұжатына “қазақ” деп жазғызып, түрі бөлек, діні бөлек ұлттарды қазақ қыламыз деп босқа даурыққанша, осы “бір тіл - бір Отан” саясатын жүзеге асырған әлдеқайда тиімді. Тіл - ұлттың жаны. Біртұтас тіл қалыптастыру арқылы біртұтас ұлтты жасақтауға болады. Кеңестік империя да кезінде біркелкі кеңестік азаматты қалыптастыру саясатын тілден бастаған жоқ па?
Көрші елдің шовинистері шынымен даурығып жатса, онда орыс тілін “ресмилік” мәртебесінен айырып, біз де оларға соққы жасалық. Әй, бірақ, бұл бастамаға бірінші кезекте өзіміздің мәңгүрттер қарсы шығады екен ғой...