Жаһанды дүрліктірген COVID-19 инфекциясы әркімнің-ақ өмірін күрт өзгертті. Вирустың таралуын болдыртпау мақсатында бүкіл әлем бір адамдай сыртқа шықпай, сақтық шараларын қолдануда. 21 ғасырдың тынымсыз ырғағына үйренген халық оқшаулануды бірінші рет басынан өткеріп отырса, ғарышкерлерге бұл ұғыммен бұрыннан таныс.