Қазақстанда баспананың қолжетімді болуы үшін тағы бір бағдарлама енгізіледі, мұнда басты шарт қазақстандықтардың табыс деңгейі болады. Бұл туралы индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламаны даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателігін ескеруді тапсырды.