9 желтоқсанда Парижде Ресей, Германия, Франция және Украина елдерінің басшыларының қатысуымен Донбасстағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша саммит өтеді. Алайда украиналықтар саммиттің өтуіне бірнеше күн қалғанда митинг ұйымдастырған.
Украина халқы елдің бірнеше қалаларында наразылық шеруге шықты. Бұған Украинаның "Штайнмайер формуласы" құжатына келісуі себеп болды.
Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей Президенті Владимир Путинге қоңырау шалғаны жайлы ашық бөлісті.