USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев сынаған Бармақов жаңа қызметке тағайындалды

  • 14.мамыр.2021, 16:33,
  • 285

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сынға алған шенеунік қазір "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" бас директорының орынбасары болып кетіпті.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жол комитетінің экс-төрағасы Сайранбек Бармақов "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары болып тағайындалды, - деп атап өтті ҚР ИИДМ.

Бармақовқа қатысты бұған дейін түсініксіз тағайындау болған.

3 сәуірде Сайранбек Бармақовтың "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалының директоры болып тағайындалғаны туралы хабарланды. Алайда 12 мамырда бұл ақпарат теріске шығарылды.

Автомобиль жолдары комитетінің бұрынғы төрағасы тағайындалғаны туралы жаңалықтарға байланысты түсінбеушілік болды. Кешірім сұраймыз. Сайранбек Бармақов "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы филиалының директоры қызметіне тағайындалмаған, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Бұл лауазымның әзірге бос екені айтылады.

20 сәуірде жол саласындағы бақылауды әлсіреткені үшін ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Бармақов, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары – Шакимов, Турков және Қалауовтардың қызметінен босатылғаны белгілі болды.


#Тоқаев #сын #СайранбекБармақов #тағайындау #саясат 




скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.05.2021
30.04.2021
20.04.2021
13.10.2020
08.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031