USD 524.58
EUR 551.91
RUB 4.93
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Біртанов үйқамақта тағы бір ай отыратын болды

  • 06.мамыр.2021, 16:47,
  • 318

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімі 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартылды. 

"ҚІЖК-нің 55, 56, 146, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот қаулы етті: күдікті Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімін сегіз айға дейін ұзарту туралы өтініш ішінара қанағаттандырылсын. Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 2021 жылғы 14 мамырдан бастап 2021 жылғы 14 маусымға дейін (қоса есептегенде) сегіз айға ұзартылсын. Үйқамақ шарттарын өзгерту бөлігіндегі, медициналық ұйымдарға баруды қоспағанда, тұрғын үйден шығуға толық тыйым салудан бас тартылсын" - деді тергеу сотының судьясы Айбек Абу.

Бұған дейін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сотта сөз сөйлеп, тергеу органдары оған әлі айып тақпағанын мәлімдеген болатын.
Еске салайық, кеше сотта прокурор Төлеген Жарасбаев 2020 жылдың қазанынан бері қамауда отырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қандай айып тағылғанын айтқан болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

21 сәуірде денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановқа үйқамағы мерзімі ұзартылған, бірақ белгілі бір уақытта пәтерден шығуға рұқсат берілген болатын.



#Біртанов #сот #үйқамақ #тергеу #процесс #үкім 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.05.2021
21.04.2021
22.02.2021
07.11.2020
03.11.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031