USD 439.43
EUR 473.31
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Экс-министр Біртанов сотта мәлімдеме жасады

  • 06.мамыр.2021, 14:34,
  • 251

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сотта сөз сөйледі. Ол тергеу органдары оған әлі айып тақпағанын мәлімдеді. 

"Кеше бірқатар бұқаралық ақпарат құралы прокурордың маған айып таққаны туралы қате немесе әдейі жазылған ақпарат таратты. Сотқа қатысқан БАҚ өкілдеріне маған әлі айып тағылмағанын, тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлағым келеді. Бүгінгі таңда күдіктің негізділігі мен күдікті ретінде менің құқығымды шектеу туралы мәселе ғана қаралып жатыр.

Арызды зерделеп, ұрлық пен жымқыру күдіктерінің заңдылығы мен негізділігін растайтын сенімді деректер жоқ екенін айтқым келеді. Себебі ұрлық жасалған жоқ. Мен денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарғанда осы істе де, басқаларында да қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ екенін тағы да жария түрде мәлімдеймін", - деді Біртанов.

Еске салайық, кеше сотта прокурор Төлеген Жарасбаев 2020 жылдың қазанынан бері қамауда отырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қандай айып тағылғанын айтқан болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



#Біртанов #сот #шешім #айыпталушы #экс-министр 



скачать dle 12.0
Фото авторы : видеодан кадр
Тағы да оқыңыздар:
21.04.2021
22.02.2021
20.01.2021
07.11.2020
03.11.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031