Халық қалаулылары қабылданған құжат барлық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі дейді. ЗКТ. Әрі, бизнес үшін де пайдасы орасан. Себебі кәсіпкерлер тауарларын жеткілікті шарты жарияланған стандарттарға сай тексереді. Бұл өз кезегінде әкімшілік кедергілер тудырмайды. Бүгінгі таңда айналысқа шығарылатын өнімнің 85 пайызы Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай техникалық регламенттерімен реттеледі. Бұл тамақ өнімдерінен бастап, балалар индустриясының тауарлары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және басқа да өнімдер. Жаңа заң жобасында өнімнің қалған түрлерін реттеу қарастырылған. Депутаттар тізім, шамамен, 15 позициядан тұратынын айтады. Оған сағаттар, тұрмыстық щеткалар, жасанды әшекейлер және басқалары кіреді, дейді. +++СНХ.
"Біз осы келісімнің реттеу объектісіне жататын тауарлар номенклатурасына талдау жасадық. Негізінен, бұл әлеуетті қауіп төндірмейтін өнімдер. Бүгінгі таңда оған қойылатын талаптар жоқ. Тізім үлкен емес, шамамен 15 позициядан тұрады. Өнім туралы мәліметтерді ақпараттық базада жинақтау көзделеді. Соның арқасында олар тұтынушылар үшін қолжетімді болады. Ақпараттық ресурс нарықтағы жағдайға мониторинг жүргізуге және жаңа өнім түрлерінің пайда болуына жедел ден қоюға мүмкіндік береді",- деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов
#ЕАЭО #тауар #заңжобасы #БақытСұлтанов #министр