USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Парамен ұсталған жоғарғы сот судьясы екі айға қамауға алынды

  • 12.сәуір.2021, 16:55,
  • 252

Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған сот 9 сәуірде Жоғарғы соттың судьясын екі айға қамау туралы шешім шығарды.

63 жастағы Мейрам Жанғұттинов 11 ақпанда пара алып жатқан жерінен ұсталған.

Ұстау операциясын Қазақстанның коррупциямен күрес агенттігі және Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі жүргізген. Тергеу мәліметі бойынша, Жанғұттинов Түркістан облысының аудандық судьясынан оны басқа қызметке ауыстыру үшін пара алған. Пара берген адам да ұсталған.

Күдіктінің қамалғанға дейін қайда болғаны айтылмайды. Бұл оқиғаны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барып тұрған сорақылық деп атаған деп жазады "Курсив". Ақпан айында Жанғұттинов ұсталды деген ақпарат тараған кезде, оның Жоғарғы соттағы судьялық қызметі былтыр желтоқсан айында аяқталған деген мәлімет таратылды.

2011 жылы Жанғұттинов коррупция бойынша айыпталған сол кездегі денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісін жүргізген. Экс-министр 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Жеті ай өткен соң Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасаған. ​



#жоғарғысот #судья #пара #түрме #қамау #тергеу #қылмыс #полиция 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.04.2021
09.02.2021
31.10.2020
19.09.2020
13.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031