USD 540.84
EUR 634.46
RUB 6.43
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары темір торға қамалды

  • 13.қыркүйек.2020, 12:46,
  • 386

Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары ұсталды. Жақсылық Шалабеков 2 айға қамауға алынды. Лауазымды тұлға мемлекетке 107 млн теңге көлемінде шығын келтірген деп айыпталып отыр



12 қыркүйекте Қарағанды облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының тәртібінде Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары – Жақсылық Шалабековті ұстады. «Аталған тұлға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасауда, атап айтқанда 2018 жылы Қарағанды қаласында «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша ірі панельді тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражатын алдын ала сөз байласу жолымен топ адаммен бірлесіп ұрлауда және талан-таражға салуда күдікті болып табылады», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Қылмыстық әрекеттермен Жақсылық Шалабеков мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірген. Қазіргі уақытта ол соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде және оның барысы облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында. Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясы болып табылады және жариялануға жатпайды.



#шенеунік #пара #шалабеков #қарағанды #орынбасар 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.09.2019
30.07.2019
22.07.2019
10.07.2019
03.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930