USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Маңғыстау облысында шенеунік жолдар үшін пара алғанын мойындады

  • 02.сәуір.2021, 10:18,
  • 342

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшылығына қатысты пара алу дерегі бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Жол сапасына тұрғындар шағымданған болатын. 

"Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының "ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығына қатысты "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жолдың құрылысы кезінде қамқорлық көрсеткені үшін заңды тұлғалардан бір миллион теңге көлемінде пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті қылмыстық құқықбұзушылық жасағанын мойындаған.

"Құрылыс нысандары Маңғыстау облысының прокуратурасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және азаматтық қоғам тарапынан бірнеше рет сынға ұшыраған. Бұған дейін Мұнайлы ауданында жол құрылысы барысында жұмыстарды сапасыз орындау дерегі бойынша қоғамдық резонанс тудырған ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланған болатын", - деп толықтырды ол.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін хабарлады. Күдіктіге қатысты кінәсінің дәрежесін анықтау және түпкілікті шешім сотта қаралады.

Айта кетейік, 2020 жылы Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылының тұрғындары жолдардағы жаңа асфальт жабынын сынға алған болатын. Олар тасжолдағы жаңа жабынды қолмен оңай бөліп алуға болатынын көрсететін видео жариялаған еді.



#пара #Маңғыстау #жолдар #шенеунік #жаза #жемқорлық 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.02.2021
09.02.2021
29.11.2020
31.10.2020
19.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031