USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

  • 26.наурыз.2021, 16:18,
  • 453

Бірінші сынып оқушыларының құжатын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен IV тоқсандағы оқу форматы туралы брифингіде айтылды. 

«1 сәуірден бастап барлық қазақстандық мектепте келесі оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үрдісі басталады. Баласын бірінші сыныпқа беруді жоспарлаған ата-аналар құжаттарын өткізе беруіне болады. Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі. 1-сыныпқа алты жасар және биыл 6-ға толатын балаларды қабылдайды. 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова. Оның айтуынша, бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады. «Қажетті құжаттар: ата-ана өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, «Бала денсаулығы паспорты» және 3х4 көлеміндегі 2 фото», - дейді ол.



#оқушылар #мектеп #карантин #Қазақстан #сынып 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.03.2021
04.03.2021
27.10.2020
27.08.2020
29.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031