USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Полиция қызметкерлері зейнетке кеш шығуы мүмкін

  • 12.наурыз.2021, 15:12,
  • 261

ҚР Парламенті Сенатында полицияның қызметтік моделін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі үкіметтік сағатта ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазіргі кезде полиция қызметкерлерінің зейнетке шығу жасын ұлғайту мәселесін қарастырып жатқандарын айтты. 

Шынында да, қазіргі уақытта біздің полиция қызметкерлері өте тәжірибелі, кәсіби әлеуетке ие, олардың көпшілігі 45-55 жасында қызметтен кетуге және зейнетке шығуға мәжбүр. Олар қазір әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Біз зейнетке шығу мәселесін көтеріп жатырмыз, - деді Тұрғымбаев.


Атап айтқанда, майор шеніндегілердің зейнетке шығу жасын 52 жасқа дейін ұлғайту жоспарланып отыр, яғни 4 жыл қосылады, сонда подполковниктер үшін 55, полковниктер үшін 58 және аға басшылық үшін 63 жас.


Біз осы жайттың жобасын әзірлеп, жоспарлап, талқылайтын боламыз. Басқа елдерде бұл мәселе басқалай шешіледі. Мысалы, Ресейде - 60 жас, Жапонияда, Германияда - 65 жас. Біз де осы мәселені пысықтағымыз келеді, - деді министр.


#полиция #зейнет #майор #полковник #подполковник 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.02.2021
03.01.2021
09.11.2020
04.11.2020
05.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031