Polisia.kz сайтының хабарлауынша, ведомство басшысы елордалық полиция департаментінің жеке құрамымен кездесіп, жыл қорытындысын шығарды, сондай-ақ, елордалық полиция қызметіне баға берді.
– Сіздер еліміз үшін маңызды шешімдер қабылданатын және маңызды саяси оқиғалар өтетін елорданың тыныштығын қорғап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етесіздер, – деп атап өтті Ішкі істер министрі.
Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру аясында азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту қажет екендігін атап өтті.
“Полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидаты бойынша негізгі рөль халықпен тікелей қарым-қатынас жасап, шешім қабылдайтын учаскелік полиция инспекторларына жүктелген. Қазіргі уақытта елордалық полицияда учаскелік полиция инспекторларының жұмысы үшін барлық жағдайлар жасалған, материалдық-техникалық база айтарлықтай нығайтылған. Өз кезегінде елордалық Полиция департаментінің басшысы еліміздің бас қаласындағы жағдай тұрақты екендігін атап өтті. Ағымдағы жылы тіркелген қылмыстар саны бес мың қылмысқа төмендеген. Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында полиция қызметкерлері қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшірілді және азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын.
Ерлан Тұрғымбаев кездесу барысында елордалық полиция қызметкерлеріне пандемия кезеңінде атқарған қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен марапатталғандарға “Халық алғысы” медалін табыстады, сонымен қатар, Департаменттің жеке құрамын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта елордадағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша алға қойған міндеттерді ойдағыдай орындауларына тілектестік білдірді.
#медаль #халықалғысы #президент #награда #тұрғымбаев