USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға келді

  • 02.наурыз.2021, 11:37,
  • 247

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға мемлекеттік іссапармен келді. 

Қырғызстан президентінің сайтында Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинмен және премьер-министр Асқар Маминмен кездесетіні хабарланған.

Жапаров делегациясы:

  • Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев;
  • вице-премьер-министр - экономика және қаржы министрі Улукбек Кармышаков;
  • Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Дастан Дюшекеев;
  • Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев;
  • Қорғаныс министрі Таалайбек Өмірәлиев;
  • Ауыл, су шаруашылығы және өңірлерді дамыту министрі Асқарбек Жәнібеков;
  • Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев;
  • Көлік, сәулет, құрылыс және коммуникация министрі Гүлмира Әбдіралиева;
  • Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев;
  • Энергетика және өнеркәсіп министрі Кубанычбек Турдубаев;
  • Инвестицияларды ілгерілету және қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Алмамбет Шықмаматов;
  • Экологиялық және техникалық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның директоры Мырзабек Жапарқұлов.



Жапаров Қырғызстан Президент Қазақстан Нұр-Сұлтан

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930