USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Праймеризге қатысушылардың басым бөлігі – жастар

  • 13.қыркүйек.2020, 15:37,
  • 632

Елбасы – «Nur Otan» партиясының  Төрағасы  Н.На­­зар­­баевтың тапсырмасы бойынша елімізде тұңғыш  рет партияішілік сайлау науқаны бастау алғаны белгілі. Бұл праймериз партияны қайта жандандыру  мен жаң­ғыртудың бірден-бір жолы болды. Осы ретте, Жамбыл облысында праймеризге жастар көптеп өтінім  беріп,  белсенділік танытты.

Атап айтсақ, 17-28 та­мыз аралы­ғын­да  облыста  праймеризге қатысу үшін 853 үміт­кер құжат өткізсе, оның  243-і – 35 жасқа дейінгі жастар.  Ал әйелдер қауымынан 308 (36.1%) үміткер тіркеуден өтті. Сондай-ақ  42 көпбалалы ана бар. Одан бөлек,  9 мүмкіндігі шектеулі азамат партияішілік сайлауға қатысады.

Бір орынға үміткерлердің ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында  18 адам болса,  Жамбылда бір орынға 6 үміткерден келеді.

7 қыркүйектен бастап прай­­­ме­риздің келесі кезеңі – үгіт-насихат басталады. 14-30 қыр­күйек ара­лығында онлайн ре­­­жим­­де жария пікірсайыстар өтеді. Партияішілік іріктеудің жеңім­­­паз­дары Мәжіліс пен бар­лық деңгейдегі мәсли­хат­тарға ар­­налған партиялық тізім­дерге енгізілетін болады. Ал ірік­теуден өтпеген, бірақ елеу­лі қолдауға ие болған аза­маттар партияның жаңа кадрлық резервіне енеді.




#праймериз #жастар #нұр-отан #сайлау #партия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.09.2020
21.08.2020
18.08.2020
18.08.2020
21.05.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930