USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Сәкен Майғазиев жаңа лауазымға тағайындалды

  • 24.желтоқсан.2020, 13:03,
  • 430

Сәкен Майғазиев "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымының директоры міндетін атқарушы болып тағайындалды. 

Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және мұражайлар басқармасының басшысы Ханзада Есенованың осы сипаттағы бұйрығы жарияланды. Бұл туралы ақпаратты басқарманың баспасөз қызметі таратты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. Ол "МузАРТ" тобының мүшесі ретінде танымал. 2018 жылдан бастап Майғазиев Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры болып жұмыс істеді.

Айта кетсек, "МузАрт" тобының тағы бір белді мүшесі Мейрамбек Беспаев та лауазымды қызметте. Ол бірер жыл бұрын Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалған.



#сәкенмайғазиев #әнші #тағайындау #директор #проректор 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.12.2020
30.07.2020
10.07.2020
04.09.2019
30.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30