USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 16.желтоқсан.2020, 11:24,
  • 374

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

"Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз - бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету - қастерлі парызымыз", - деп жазды ол Twitter желісінде.

Айта кетейік, бүгін, қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 29 жылдығын атап өтіп жатыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылданған.

16 желтоқсан - Қазақстанда мерекелік демалыс күні. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 17, 18 және 19 желтоқсанда да демалыс болады. 20 желтоқсан, жексенбіде ел тұрғындары жұманың орнына жұмысқа шығады.

2021 жылы қазақстандықтар тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді.

Бұған дейін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев үндеу жасап, Қазақстан халқын құттықтап, алғыс айтқан болатын.

Сауда орталығы, сауда үйлері мен базарлар мереке күндері әдеттегідей сағат 23.00-ге дейін жұмыс істейді. 19 желтоқсанда 20.00-ге дейін. 20 желтоқсан, жексенбіде нысандардың жұмысы тоқтатылады.

Алматыдағы сауда орталықтары да әдеттегідей жұмыс істейді. Азық-түлік емес және азық-түлік сататын базарлардың қызметіне сағат 17.00-ге дейін рұқсат етіледі. Бірақ сыйымдылығы 30 пайыздан аспай, әр келушіге төрт шаршы метрден кем болмауы керек.

Алматыда мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысы өзгеріссіз болады. Автобустар мен метрода маска режимі сақталады.



#тоқаев #тәуелсіздіккүні #мереке #президент #құттықтау 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.12.2020
01.12.2020
01.09.2020
02.09.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930