USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Президент Бозжырадағы құрылыс жобасын қайта қарауды тапсырды

  • 18.қараша.2020, 11:41,
  • 309

Қоғамның наразылығын ескере отырып, бұл мәселеге назар аударылған. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды

"Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді", делінген жазбада.

Жеке меншік инвесторлар әкімдіктің қолдауымен Маңғыстаудың басты символы саналатын Бозжырада сафари-қонақ үй салады деген хабар тарай сала қоғам белсенділері дүрлігуде. Бірегей табиғи аумақтың келбетін бұзып, тарихтан ақша жасамақшы дегендер құрылысты тоқтатуды талап етіп жатыр.

Экологтар мен қоғам белсенділері шатқалға қонақ үй саламыз деген жындының сандырағы деп, қорықтың құрып кетуіне алаңдаулы. Қызыл кітапқа енген уриал, қарақұйрық пен қарақал сияқты жануарлардың көбеюіне кесірін тигізеді екен. Басты себеп Бозжыра тұрған үстірт ЮНЕСКО тізіміне енуге шақ тұр. Ал, ЮНЕСКО-ның басты талабы – бүлінбеген табиғат екенін ескерсек, коммерциялық нысан салынса ұйымға кіргізу жоспары құрдымға кетеді дейді белсенділер.




#бозжыра #табиғат #маңғыстау #президент #тоқаев

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.11.2020
02.09.2020
01.09.2020
10.01.2020
17.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930