USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 04.қараша.2020, 12:02,
  • 735

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Қабыл университетіндегі 35 адамның өліміне байланысты көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қабыл университетінде жасалған жантүршігерлік лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың жазықсыз қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Осындай қаралы сәтте орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасылар мен барша Ауғанстан халқына қазақстандықтардың және өз атымнан көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті қайғылы оқиғадан зардап шеккен адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Ауғанстан астанасында орналасқан Қабыл универвитетінің заң факултетіне жасалған шабуылдан 35 адам қаза тапты, 50 адам жарақат алды. Шабуыл дүйсенбі, 2 қараша таңертең болған. БАҚ мәліметінше, қайтыс болғандардың бәрі - студенттер мен мұғалімдер.

ІІМ өкілінің ақпаратына қарағанда, үш адам шабуыл жасаған. Олардың көзін жою үшін жүргізілген арнайы операция алты сағатқа созылған. Шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобы өз мойнына алды, - деп жазады Reuters



#тоқаев #ауғанстан #көңіл #өлім #университет #жеделхат 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.08.2020
02.08.2020
03.08.2020
27.12.2019
23.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930