USD 443.37
EUR 474.49
RUB 4.83
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Айсұлтан Назарбаев қазасы: Дариға Назарбаева мәлімдеме жасады

  • 17.августа.2020, 11:30,
  • 569

Дариға Назарбаева баласының қазасына қатысты мәлімдеме жасады.

"Менің отбасым сүйікті балам - Айсұлтанның қайтыс болуына байланысты қайғы жұтып, қара жамылып отыр. Қымбаттымыздан айрылып, орны толмас шығынға ұшырап, басқа түскен осындай қиын күнде көпшілік бізге түсіністікпен қарап, құрмет танытады деп сенеміз", - деді Дариға Назарбаева.


16 тамыз күні Айсұлтан Назарбаев Лондонда қайтыс болды. Алдын ала дерек бойынша, оның жүрегі ұстап қалған. Басқа мәліметтер айтылмайды. 10 күннен кейін Айсұлтан Рахатұлы 30 жасқа толар еді.

Айсұлтан Назарбаев - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі.

Ол 1990 жылы 26 тамызда Қазақстан Президентінің үлкен қызы - Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің отбасында дүниеге келді.

Ол Астанадағы "Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінде", сондай-ақ Австрияның "American International School" мектеп-пансионында оқыды. 2010 жылы Сандхерсттегі британдық корольдік әскери академиясын бітірген. 2012 жылы ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасында жұмыс істеді, онда бір жыл қызмет етті.

Ол Австрияда әкесі елші болып жүргенде "Адмира Ваккер" клубында футболмен айналыса бастады. 2006 жылы ол Қазақстанның бірінші лигасына қатысып, астаналық "Рахат" клубы құрамында екі матч өткізді, 2007 жылы Алма-Ата "Железнодорожник" ФК құрамында болды. 2006 жылы футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысты. Біраз уақыт Британияның "Портсмут" құрамында өнер көрсетуге тырысты. 



#айсұлтан #дариға #назарбаев #өлім 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.08.2020
24.10.2019
03.09.2019
02.09.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031