USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

13 шілде - Ұлттық аза тұту күні

  • 08.июля.2020, 21:00,
  • 335

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардан жасаған үндеуінде айтты. 

"Әр қазақ - менің жалғызым" дегендей, әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын, - деді Президент. 


Мемлекет басшысы күрес мұнымен тоқтамайтынын айтты. 


Біздің күресіміз жалғаса береді. Бұл індетті адамзат жуық арада жеңе қоймас. Алайда уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсені түсіруге болмайды. Салмақты, сабырлы болайық. Біздің жұмысымыз - айқын. Қоғам алдында ешнәрсені жасырмай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады. Бүкіл күш-жігерімізді жинап, күресе беруіміз керек, - деді ол. 


Тоқаев күрделі жағдай кезінде ел арасында жалған әңгіме көп тарап жатқанын айтты. 

Теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды азаматтардың әрекеттері болды. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болды, - деді ол.


#азатұту #траур #өлім #коронавирус #тоқаев #үндеу 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.06.2020
11.05.2020
24.04.2020
27.12.2019
06.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930