USD 509.94
EUR 593.88
RUB 6.43
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

  • 21.наурыз.2020, 10:30,
  • 633

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстарн халқын Наурыз мейрамымен құттықтады. 


"Құрметті отандастар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы. Осы күндері Жер-ана қайта түлеп, тіршілік атаулы түгел жанданады. Тағылымы мол бұл мереке – жаңару мен жаңғырудың, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы. Халқымыз қашанда жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілекпен қарсы алады. Ұлыстың ұлы күнінде ұрпақтар сабақтастығы, достық қарым-қатынастар мен қонақжайлық салты дәріптеледі. Сондай-ақ, тереңнен тамыр тартатын құндылықтарымыз, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі ерекше салтанат құрады", - деді Тоқаев.




скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
12.02.2020
12.02.2020
01.02.2020
02.09.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031