USD 519.51
EUR 611.83
RUB 6.6
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ресейде тікұшақ құлады: екі адам қаза тапты

  • 14.ақпан.2020, 12:30,
  • 476

Ресейдің Ямало-Ненецк автономиялық округінде Ми-8 тікұшағы апат жағдайында қонып, әуе кемесінің командирі мен бортмеханигі қаза болды.

Оқиға жұмада Сабетта портынан 500 метр жерде болған. "Скол" әуекомпаниясының Ми-8 тікұшағы қарлы боранда қалып қойып, тікұшақ қалағы сынған. Осыдан кейін әуе кемесі төңкеріліп қалған. Бортында 10 адам болған, оның ішінде экипаждың үш мүшесі, оның екеуі қаза болған. 


"Оқиға орнынан жеткен ақпаратқа қарағанда, әуе кемесінің командирі мен бортмеханигі қаза тапқан. Экипаждың үшінші мүшесі және жеті жолаушы тікұшақтан өз бетінше шыққан", - делінген хабарламада.


Ведомство ақпараты бойынша, тікұшақ Краснояр өлкесінен Сабеттаға ұшып шыққан, рейс мақсаты - вахталық тасымалдау. Апат жағдайына қону дерегі бойынша прокуратура ұшу қауіпсіздігі туралы заңнаманың сақталғанын тексеруді бастады. Оқиға себептері анықталып жатыр.


"Тікұшақ апатының негізгі себептері: ұшудағы қатесі, техникалық ақау, сондай-ақ қолайсыз метеожағдай", - делінген РФ СК хабарламасында.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.02.2020
27.12.2019
27.12.2019
23.07.2019
10.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031