USD 496.85
EUR 585.54
RUB 6.49
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанның бірнеше елдегі елшілері тағайындалды

  • 29.қантар.2020, 12:30,
  • 653

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның бірнеше елде елшілері тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;


Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.


Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Ол Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды.

скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728