"Мені қолдаған барша сайлаушыға шын жүректен алғысымды айтамын! Осы күндері шаршамай-шалдықпай, бір тиын қаржылай көмексіз азаматтық парызын адал атқарған штаб өкілдері мен барлық волонтерлерге – насихатшылар мен бақылаушыларға алғысым шексіз! Мен сіздерге өмір бойына қарыздар болып өтемін!" депь өзіне сенген халыққа үн қатпады деп айыпталған Әміржан Қосанов.
Белсенділер өлімі, өртенген машиналар мен көрсеткен қоқан-лоққымен танылған сайлауларды өз көзімен көргені, және биылғы сайлау олардың тарихын қайталамағанын ескертті.
Оппозиция өкілі 16% дауыс жинағаны бұрын-соңды болмаған жағдай, бұл нағыз жетістік екендігіне кәміл сенімді.
Сайлау нәтижелеріне берген жауабына наразы болған халыққа былай деп жауап берді:
"Маған қатысты айтылған сыни пікірлерді де мен ескеремін, ол шынайы демократия, сөз бен пікір бостандығының бұлжымас шарты. Осы күндері қалыптасқан ахуалды бағалап, таяу арада болашақ қимыл-әрекеттеріміздің нобайын әріптестермен бірге талқылап, анықтаймыз.
Артында мықты партия жоқ тәуелсіз кандидаттың қоғам қолдауына ие болуы осы сайлау науқанның өзіндің бір ерекшелігі болды деп санаймын."
Соңғы күндері болған наразылық акцияларына шығып жүрген азаматтарды еске алғандай, оларға қарсы күштеу әдістерін қолданылуына қарсылығын білдірді. Тұтқындалғандарды дереу босатқанын талап етті.