Министр Дәурен Абаев сайлау кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтудің не үшін қажет болғанын түсіндірді. «Сайлауға бір күн қалғанда бас прокуратура халықты жаппай жиындардан сақ болуға шақырған болатын. Ондай ескерту дауыс беру науқанының қалыпты жағдайда өтуі үшін жасалды. Ел үрейленіп сайлауға бармай қоюы мүмкін еді», — деді ол.
Оның айтуынша, Алматыдағы түнгі шерулер кезінде қала тұрғындары полициядан тыныштық орнатуды сұраған.
«Алматыда түнде жастардан құралған колонна қоғамдық тәртіпті бұзды. Сол аудандардың тұрғындарынан ІІМ колл орталығына ғана 1200 шағым түскен. Олар көшеге шығушыларды тыныштандыруды сұраған. Смартфоннан қарап биік сөздер айту оңай. Ал болып жатқан жағдайды өз үйіңнің терезесінен көру мүлде бөлек. Шындығын айтқанда, талай адам қорқып қалды. Полицияның артық кеткен кезі де болған шығар. Бірақ олар қоғамдық тәртіпті сақтай алды. Күш көрсетулерге жол бермей, оның жаппай таралуын болдырмады», — деді Дәурен Абаев.