USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев Әміреевті қабылдады

  • 11.қараша.2021, 21:58,
  • 195

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады.

Қазақстан Президентінің Ыстанбұл қаласына жұмыс сапары Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесуден басталды, делінген Ақорда хабарламасында.


Мемлекет басшысына Түркі кеңесінің алдағы саммитіне дайындық барысы, оның ішінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелер және жоғары деңгейдегі кездесудің қорытындысы бойынша қабылданатын шешімдер жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ Бағдат Әміреев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұйымның қызметі мен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің бүгін өткен кеңесінің қорытындысы туралы айтты.


Президент саммитке дайындық жұмыстарының барысы көңілден шығатынын атап өтіп, Түркі кеңесін одан әрі дамыту жөнінде маңызды ұсыныстар берді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.11.2021
09.11.2021
27.09.2021
13.09.2021
08.02.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031